Басқаларды үйрете жүріп,біз өзіміз үйренеміз!
Шаблон с сайта cooltemplates.ru

Аудандық семинардың қорытындысы!

Мектеп психологы Алимкулов Берік ағайдың өткізген мұғалімдерге арналған психологиялық тренингтен көрініс.

Суретте солдан оңға қарай Ақбастау жалпы орта мектебінің директоры Қ.Рсымбетов, аудандық білім бөлімінің информатика пәні әдіскері С.Абуов және мектеп психологы Б.Алимкулов.

 

Мектептің информатика пәнінің мұғалімі Каденова Пернегүл 9 А сыныбына "Деректор қоры, деректер қорының құрылымы" тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақта оқушылар MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, деректер қорын құру тәсілдерін үйренді. Жалпы сабақ келген конақтар арасында жоғары бағаланды.Сілтемені басып, сбақтың жобасын жүктей аласыздар.

 

Семинарда Т.Тоғысбаев атындағы жоғарғы санатты информатика пәнінің мұғалімі Жандарбекова Раушан апай 7 сыныпқа десант сабағын өткізді.

7 сыныптарға күнтізбелік жоспар бойынша апай "Векторлық графика Inkscape бағдарламасының интерфейсі. Фигураларды салу" тақырыбымен сабақ берді. Сабақ жоспарға сай, құрылымды, уақытты тиімді пайдалана өтілді. Бұл сабақтың да жобасын сілтеме арқылы жүктей аласыздар.

 

Ы.Алтынсарин орта мектебінің жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі, мектеп көшбасшысы Заитова Гүлмира коучинг ұйымдастырды.

Мұғалімдерге арналған коучинг "Блум таксономиясы арқылы массивтерге байланысты есептер шығару" тақырыбында өтілді. Коучинг жоспарын сілтемеде жүктей аласыздар.